Қалалық білім басқармасының бас маманы Балжан Әділханованың айтуынша, байқауға қаланың 30 мектебінен 4-11 сынып оқушыларының арасынан 83 шығарма қатысты. Қалалық комиссияның шешімімен бірінші орынға 15-ші мектептің 9-сынып оқушысы Алина Мель лайық деп таныды.
Қазылар алқасының айтуынша, № 6 мектептің 4 сынып оқушысы Мәриям Омарованың шығармасында жазылған мына сөздер өте әсерлі. Оқушы шығармасында: «Ардагерлердің саны жыл сайын азайып барады. Оларға көмектесу, олармен сөйлесу, олардың соғыс туралы шын әңгімелерін есту өте маңызды. Өйткені, олар Ұлы тарихтың тірі куәгерлері», деп жазған.