Берлиндік шабуыл операциясы. 16 сәуірден 8 мамыр аралығында жалғасқан Берлин шабуылы аяқталды. 1-ші және 2-ші Беларусь, 1-ші Украиндық майдан әскерлері польшалық құрамалармен бірлесіп жау әскерін талқандап, Берлин қаласын иеленді. Одан әрі ұрысты жалғастыра отырып, олар америкалық және ағылшын әскерлеріне қосылып, Эльбаға шықты.
Операция ұзақтығы - 23 тәулік. Жауынгерлік іс-қимыл - 300 шақырым. Кеңес әскерінің жылжу тереңдігі - 100-220 шақырым. Шабуылдың орташа тәуліктік қарқыны - 5-10 шақырым. Оперция басталарда әскер саны - 1906200 адам, қайтарымсыз шығын - 78291 (4,1 пайыз), санитарлық шығындар - 274184, барлығы - 352475, орташа тәуліктік - 15325.
Прага операциясы (1945). 8 мамырда 1-ші Украиндық майданы оң қанатының әскері Чехославакия Республикасының аумағына шықты. 4-ші гвардиялық танкі әскері 35 шақырымға дейін алға жылжып, Мост қаласын азат етті. И.П. Ермаковтың 5-ші гвардиялық мехкорпусы Яромерж пен Жатец арасында «Орталық» әскері тобының штаб колоннасын талқан етті. 3-ші гвардиялық танкі әскерінің озық жасағы таңертеңгі сағат 7-де тау беткейіне жетті. Е.Е. Беловтың 10-шы гвардиялық танкі корпусы Теплице қаласына басып кірді. 5-ші және 3-ші гвардиялық әскер 3-ші гвардиялық танкі әскерімен өзара бірлесіп Дрезден қаласын иеленіп, Либштадт - Кёнигштейн желісіне шықты. «Орталық» әскері мен майданның сол қанаты жаудың ізіне түсе отырып, Судет шегіне шықты.
Кеңес ақпараттық бюросы хабарлағандай, 8 мамыр ішінде 3-ші Беларусь майданының әскері Фриш-Нерунгты жаудан тазалай отырып, Нойе Вельт және Фогельзанг елді мекендерін басып алды...
1-ші Украиндық майдан әскері екі күндік ұрыстан кейін қарсыласты тойтара отырып, Дрезден қаласын иеленді, Дрезден оңтүстігіндегі чехославакиялық шекараға өтіп, Мост, Духцов, Теплице-Шанов қалаларын басып алды.
4-ші Украиндық майдан әскері шабуылды жалғастыра отырып, кескілескен айқаспен қаланы және ірі темір жол желісі Оломоуцты басып алды...
2-ші Украиндық майданның әскері 8 мамырда Чехославакияда Яромержице, Зноймо қалаларын иеленді...
1945 жылғы 8 мамыр. Берлин түбіндегі Карлхорстта 22 сағат 43 минутта Германияны тізе бүктіру актісіне қол қойылды.
8 мамырда сағат орталық еуропа уақыты бойынша 22. 43-те берлиндік Карлхорст түбегінде бұрынғы әскери-инженерлік училище асханасы ғимаратында Германияны қарсылықсыз тізе бүктіру туралы тағы бір актіге қол қойылды. Карлхрост актісі 8 мамырда 23:01 минутта соғыстың тоқтатылған уақытын растады.
Соңғы жағдай 8 мамырдағы актіні қандай да бір практикалық мәннен айырғанын атап өткен жөн, себебі а) бұл акті талап еткен барлық бұйрықтар 7 мамырда неміс қолбасшылығына берілген және б) егер олар берілмеген жағдайда тізе бүктіру актісі күшіне енуіне 17 минут қалғанда, оны тиісті орынға дейін жеткізу физикалық жағынан мүмкін болмады.
Герман тарапынан актіге генерал-фельдмаршал Бермахттың Жоғары бас қолбасшылығының бастығы Вильгельм Кейтель, Люфтваффе өкілі - генерал-полковник Штумпф және кригсмарине қол қойды. Қарсылықсыз тізе бүктіру актісіне маршал Жуков (кеңес тарапынан) пен одақ экспедициялық күш бас қолбасшылығының орынбасары маршал Теддер (Ұлыбритания) қол қойды.
Тізе бүктіруді қабылдаған Кеңес Одағы Германиямен бейбіт келісімге келген жоқ, формальдық түрде соғыс жағдайында қалды. Соғысты тоқтату туралы жарлық КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1955 жылғы 25 қаңтарда ғана қабылданды.
Жеңіске 1 күн қалды...