Жарыс 8 салмақ дәрежесінде ШҚО ІІД мен Семей қалалық ІІБ аппараттарының құрамалары арасында өтті.
Жарысты 100 келі салмақ дәрежесіндегі ақтық белдесу қорытындылады. Спорт шебері Райхан Мәдиновтың семейлік Ербол Ризинмен жекпе-жекте басым түсуі ШҚО ІІД аппаратының құрама командасына жалпыкомандалық жеңіс сыйлады.
Жеңімпаздар «Динамо» ФСҚ тарапынан берілген медальдар және грамоталарымен марапатталды. Бұл жарыста егде палуан С.Майыров (Тарбағатай ІІБ) «Жеңіске деген ұмтылысы үшін», ал Айбек Сәметаев (ШҚО ІІД) - «Үздік техника үшін» грамоталарымен марапатталды.