Жер басып алушылар Бішкектен кетуге келісім берді

АСТАНА. Сәуірдің 19-ы. ҚазАқпарат - Бішкекте жер басып алушылар ұйымдастырған тәртіпсіздіктер бәсеңси бастады. Қала маңынан астанаға келіп, өздеріне жер учаскелерін бөлуді талап еткен жас жігіттер қаладан шығып кетуге келісімдерін берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат қырғызстандық АКИpress агенттігіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын хабарланғандай, тәртіпсіздіктер Май және Ленин ауылдарында басталған. Сосын жиналған тобыр (түрліше мәліметтерге сай, бір мыңнан екі мыңға дейінгі адам) билікке жер бөлуге қатысты өз талаптарын білдіру мақстаымен Бішкекке жол тартқан.

Тәртіпсіздікке жол бергендер кесек тастармен, таяқтармен және білгек темірлермен қаруланған. Жол бойы олар кездейсоқ жүргіншілерге шабуылдаған және машиналарды қиратқан. Тобыр Жибек-Жолу даңғылы мен Жас гвардия бульвары қиылысына тоқтаған. Оқиға орнына, ИТАР-ТАСС агенттігінің ақпараты бойынша, арнайы бөлімше қызметкерлері мен ішкі істер әскерлері жіберілген.

Жер басып алушылар Бішкектің уақытша мэрі Иса Омуркуловтың қаланың сыртынан жер бөлу туралы мәселені, сондай-ақ әлдебір ұсталғандарды (әңгіменің дәл кім туралы екені жөніндегі ақпарат нақтыланбайды) босату туралы уәде бергеннен кейін ғана тарай бастаған. BPC (Бішкек баспасөз клубы) ақпарат компаниясының нақтылауынша, Оморкуловты қоршап алған бұл тобыр Май ауылында басып алған жерлерді жаңа қожайындар иелігінде қалатыны туралы өтініштерге уақытша мэрді қол қоюға мәжбүр еткен.

«Интерфакс» агенттігінің ақпаратына сай, жас жігіттер бұдан бұрын басып алған учаскелерін босатуды қаламайды да. «Егер қалалық билік қалада жер жоқ десе, онда қаладан тысқары жерді алуымыз керек», деп талап еткен, Бішкектегі жүйесіз шерулердің бірінде сөйлеген жаңағыдай жастардың біреуі.