Жер қойнауын пайдаланушылар экологиялық бақылаудың жаңа ережелеріне байланысты алаңдаушылық білдіреді

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Жер қойнауын пайдаланушылар Үкімет Қаулыларымен бекітілген экологиялық бақылаудың жаңа ережелеріне байланысты алаңдаушылықтарын білдіреді.

Бұл туралы  «KAZENERGY» қауымдастығының тұрақты даму жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында хабарланды.

«Каспий теңізінің Қазақстандық секторында мұнай операцияларын өткізу кезінде өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі Ережелерді бекіту туралы» және «Каспий теңізінің Қазақстандық секторында мұнай операцияларын өткізу кезінде аялық экологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі Ережелерді бекіту туралы» Үкімет Қаулылары ағымдағы жылдың 10 маусымынан бастап өз күшіне енуі тиіс. Оларға сәйкес, табиғатты пайдаланушылар барлық келісімшартқа енетін аумаққа төрт климаттық мезгіл бойынша экологиялық бақылауды жыл сайын өткізуі қажет.

Дегенмен, Қауымдастық мүшелерінің сөзіне сенсек, құжаттарды дайындау барысында Қоршаған ортаны қорғау министрлігі олардың ұсыныстарын ескермеген. Жоғарыда аталып өткен қаулылар қатаң және нақтыланған талаптар қояды, олардың көпжақты ғылыми, экологиялық, заңдық және техника-экономикалық бағалауы жоқ. Каспий теңізінің Қазақстандық секторындағы зерттеу кемелері жүрісінің айтарлықтай артуына байланысты, атап айтқанда, оның майда тұсында, көлемді бақылау жұмыстары биологиялық ресурстарға (итбалықтар, балықтар, құстар) және олардың тіршілік ортасына (құстардың ұя салу орындары, балық өндіргіштер, балықтардың көшу жолдары) көлемді жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін.

NCOC консорциумының қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы заңнама жөніндегі үйлестіруші Гүлнар Нұрпейісованың айтуынша, табиғатты пайдаланушыларға мемлекеттік экологиялық бақылау міндеттері негізсіз жүктеліп отыр, ал экологиялық бақылаудың өзі мұздық жағдайларына, қауіпсіздік техникасына, логистика мәселелеріне байланысты жыл бойы 4 мезгіл өткізу мүмкін емес.

Ережелердің қатаң талаптары қосымша зерттеу стансыларының құрылуын қажет етеді. Ссл себепті олардың КТҚС-ғы барлық еншілес аумақтарының жалпы ауқымын ескергендегі жалпы саны төрт мыңға дейін артуы мүмкін. «Жоғарыда айтылған Қаулылармын бекітілген, өндірістік экологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізуге деген талаптар әлемдік тәжірибеде бұрын-соңды болмаған шара болып табылады», - деп мәлімдеді Гүлнар Нұрпейісова.

«Қашықтан алдын ала тексеру орталығы және ГИС «Терра» Бас директоры Борис Гельдыев экологиялық бақылаудың ортақ жүйесін енгізуді ұсынды.

Оның айтуынша, мемлекет өзінің, ал жер қойнауын пайдаланушылар өзінің бақылауын жүргізеді, ал зертханалық зерттеулердің қорытындылары әр түрлі нәтиже көрсетіп, тіпті бір-бірін жоққа шығарады.