деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Қойылып отырған талаптар бойынша, үміткерлер ғарыш сапары бойынша дайындық курсынан өтуі, сондай-ақ аз болса да ұшу тәжірибесі болуы керек.
Орбитада олар атқаратын міндеттердің қатарында - стансы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және клиенттерге көмектесу міндеттері бар. Ашық ғарышқа шығу мүмкіндігі де жоқ емес. Бірақ әзірге олардың жалақылары жария етілмей отыр. Компания орбиталдық кешенді 2015 жылы іске қоспақ.
Туристер орбитадағы отельдің иллюминаторларынан Жерді тамашалай алады. Жұлдызды отельдегі бір күн түнеу бастапқы кезде 1 миллион долларға түсетін болады.