халық та және автомашиналардың саны да арта түсуде. Негізгі проблемаларды түсіндіру және оларды шешу жолдарын ұсыну үшін қолда бар жергілікті маңызды автожол желілеріне қысқаша сипаттама бере кеткенді жөн санаймын.
2006 жылдың басында27 мың шақырымнан астам жол қанағаттанарлықсыз күйде болған, олардың 6 мың шақырымы бүлінген еді. 43 елді мекен әлі күнге дейін оларды облыс және аудан орталықтарымен байланыстыратын қатты жабынды автомобиль жолдарымен қамтамасыз етілмей келді. 1800-ден астам елді мекендердің кіреберіс жолдары қанағаттанғысыз күйде қалып отыр. Топырақтардың жырылуынан ұзындығы 5 мың шақырымдық жолдарда көктемгі-күзгі кезеңдерде қатынас толықтай немесе ішінара тоқтатылады. Жергілікті жол желілері республикамыздың барлық аумақтары бойынша барлық елді мекендермен көлік қатынастарын қамтамасыз етуге арналған. Бұлар негізінен III, IV және V техникалық санаттағы жолдар. 2 мыңнан астам көпірлер мен жол өткелдері, сондай-ақ 29,5 мың су өткізетін құбырлар бар. Олардың ішінде 400-ге жуық көпірлер мен 10 мың құбырлар күрделі жөндеуді қажет етеді.
Мысалы, 2001-2006 жылдардағы кезеңдерде республикалық маңызды автожолдарға арналып 246,3 млрд. теңге, облыстық және аудандық маңызды жолдарға арналып 40 млрд. теңге (16 пайыз) бөлінді. Осы қаражаттарға 92 шақырым жол салынды және жаңартылды, 470 шақырым жол күрделі, 3744 шақырым жол орташа жөндеуден өткізілді. Салыстыру үшін - 14094 шақырымдық республикалық маңызды автожолдар жаңартылды және жөндеуден өткізілді. Нәтижесінде республикалық желілердің 18 пайызының жай-күйі жақсарды, Қанағаттанғысыз күйдегі учаскелердің ұзындығы 2 мың шақырымға қысқарды.
Орын алып отырған жағдайдың негізгі себебі жергілікті маңызды автожолдарды қаржыландыру деңгейінің төмендігі болып табылады.
Әкімдіктер ұсынған жергілікті маңызды автожолдарды жөндеу және ұстау бойынша деректер негізінде талдау жасалды. Ол жергілікті бюджеттерден автожолдарды дамытуға арнап жалпы жыл сайынғы қажеттіліктің 15 пайыз қаржы қаражатының автожолдарды дамыту бөлінетінін көрсетті. Қазіргі қаржыландыру деңгейі кезінде жыл сайын 1 200 шақырымдық жол қанағаттанғысыз күйге түседі.
Жергілікті желілердегі орын алып отырған жағдайды жақсарту және жалпы автожол саласын дамыту мақсатында 2005 жылғы желтоқсанда 2006-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының автожол салаларын дамыту бағдарламасы бекітілді, онда 271 млрд. теңге мөлшерінде қаржыландыру, оның ішінде 141 млрд. теңге сомасында республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер бөлу көзделген.
Осы Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде, тиісті қаржыландыру жағдайында жергілікті желілердің 70 пайызын жақсарту күтіледі.
7 жылдық Автожол салаларын дамыту бағдарламасына сай жергілікті автожолдар желілеріне түгендеу жүргізілді.
Осылайша, бүгінгі күні облыстық және аудандық маңыздағы автожолдардың жалпы ұзындығы - 70,1 мың шақырымды, олардың ішінде 39,7 мың шақырым - аудандық маңыздағы жолдарды құрайды.
2007 жылы жергілікті маңыздағы автожолдар желісін дамыту үшін - 27,7 млрд. теңге, республикалық бюджет есебінен мақсатты трансферттер - 11,5 млрд. теңге және жергілікті бюджеттен - 16,2 млрд. теңге бөлінді. 2008 жылы 48,519 млрд. теңге, олардың 20,026 млрд. теңгесі - республикалық бюджеттен және 28,493 млрд. теңгесі - жергілікті бюджеттен бөлінді.
Бөлінген қаражаттар есебінен 2007-2008 жылдары 1811 шақырым жол салынды және жаңартылды, 6485 шақырым жолдарға күрделі және орташа жөндеу жасалды. Бұл жұмыстардың жағымды әсерін қол жеткен нәтижелерден көруге болады: жергілікті желілердегі автожолдардың 6 пайызының жай-күйі жақсарды, қанағаттанғысыз және бүлінген күйде қалған жолдар учаскелерінің жай-күйі 2006 жылмен салыстырғанда 4 пайызға қысқарды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты 2009 жылғы наурыздың 6-сындағы Қазақстан халқына Жолдауы жергілікті маңыздағы автожолдарды қалпына келтіру және сапасын жақсарту үшін маңызды кезең болды. Оны іске асыру үшін ҚР Үкіметінің тиісті іс-қимыл жоспары әзірленді («Жол картасы» бағдарламасы). «Жол картасы» бағдарламасы аясында «жол-жөндеу жұмыстары» бағыттары бойынша жергілікті маңыздағы автожолдарды, сондай-ақ жалпы ұзындығы 2 826 шақырымдық қалалардағы және елді мекендердегі жолдарды салуға, жаңартуға және жөндеуге 51 857 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаражаттың 32 814 млн. теңгесі - республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттерді және 18 917 млн.теңгесі - жергілікті бюджеттерден бірлесіп қаржыландыруды құрайды.
Биылғы жылғы сәуірде ҚР Көлік және коммуникация министрлігі мен облыстардың, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері арасында «Жол картасы» бағдарламасы жобаларын іске асыру туралы келісімге қол қойды.
Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымдармен 51 316 млн. теңге сомаға шарттар жасалды. «Жол картасы» бағдарламасының жобаларын іске асыру үшін қаржыландыру жоспарына сәйкес облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының барлық әкімдіктері бойынша 27 948,6 млн. теңге аударылды.
«Жол картасы» бағдарламасының жобалары іске асырыла бастағаннан бері 2 334,2 шақырым немесе жоспардың 83 пайызы жөндеуден өткізілді және 1 540,8 мың шаршы метр ойылған жолдар жөнделді (75 пайыз).
Жыл өткен сайын жол құрылысындағы технологиялар, машиналар және механизмдер жетілдірілуде. Мердігерлерге қойылатын талаптардың қатаюы және бәсекелестіктің артуы да оң нәтижелерін беруде.
Автомобиль жолдарының құрылысы және жөндеу жұмыстары кезіндегі зертханалық бақылау мен техникалық қадағалауды «Облжолзертхана» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады. Олар сапаны бақылау үшін заманауи зертханалармен, сондай-ақ жаңа құрал-саймандармен және приборлармен жарақталған. Олардың міндетіне құрылыс технологияларының сақталуы және сапалы материалдардың қолданылуы енеді.
Сапаға бақылау жасау мақсатында «Облжолзертхана» мемлекеттік мекемесі «Жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жергілікті жерлердегі жол-құрылыс жұмыстарына 1661 көшпелі тексеру жасады. Мұндай тексерулердің барысында 396 заң бұзушылық анықталды.
Жол жөндеу жұмыстарында халықтың басым бөлігінің жұмыс істеуі де маңызды фактілердің қатарына жатады. Тек «Жол картасы» бағдарламасы аясында ғана облыстар әкімдіктері жол-жөндеу жұмыстарында 55 129 жұмыс орындарын құрды. 53 903 адам жұмыстарға тартылды, олардың ішінде 35 974 адам еңбекпен қамту органдарының жолдамаларымен жұмыстарға орналастырылды.
Сонымен қатар, «Жол картасы» бағдарламасы аясында тек қана жолдар ғана емес, көпірлер де салынуда, олар қалалық инфрақұрылымды түбегейлі өзгертті.
Жыл бойы үздіксіз көліктік қатынастар - халықтың әлеуметтік әл-ауқатының маңызды факторы. Қатты жабынды автомобиль жолдары бойынша жыл бойы байланыстың болмауы өндірісті, оның ішінде ауыл шаруашылығын тоқтатуға, аймақтан халықтың көшуіне әкеледі.
Жалпы алғанда, жергілікті желілердегі жоспарланған автожолдар желілерін іске асыру келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұлар - автокөлік тасымалдарында ел экономикасының және халықтың талаптарын қанағаттандыру үшін жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарын жетілдіру. Жүк тасымалы және жолаушылар тасымалы бойынша негізгі көрсеткіштердің тиісінше 20 пайызға және 22 пайызға ұлғаюы, жалпы алғанда еліміздің транзиттік әлеуетінің артуы, жүктерді тасымалдау шығындарын төмендеуі және қозғалыстың орташа жылдамдығының 1,5-2 есе ұлғаюы сияқты факторлардың да маңызы айрықша. Жол қозғалысындағы қауіпсіздіктің артуы, оның ішінде жол-көлік оқиғаларынан адам өлімінің деңгейі 20 пайызға төмендеуі шешуші көрсеткіш табылады. Жергілікті жол желілерін жаңарту, жаңа жұмыс орындарын құру және ауылдық елді мекендер арасындағы көліктік қатынастарды жақсарту - аймақтарды дамыту үшін мүмкіндіктерді ашады.