Оған тиесілі Ocean Viking кемесі осы аймақта апатқа ұшыраған үш қайық туралы ақпарат алғаннан кейін Ливия жағалауына халықаралық суларға жіберілгені айтылады.
«Біз бүгін оқиға орнына келгеннен бері бірде-бір тірі адамды таппадық, дегенмен апат болған жерде ондаған адамның мәйітін көрдік» – делінген ұйымның хабарламасында.
Құтқару операциясы ауа райының қолайсыздығы салдарынан қиындап кетті. Іздеу аймағындағы толқындар 6 м-ге жетті. Көп ұзамай ЕО шекара бақылау агенттігінің «Фронтекс» ұшағы оқиға орнына жақын жерде резеңке қайықтың фрагменттерін тапты.