Ұшақ апатында барлығы 90 адам қаза тапты, оның жетеуі - экипаж мүшелері. Оқиға орнында 23 жолаушының денесі және ұшақтың сынықтары табылып отыр, аман қалған ешкім жоқ. Дегенмен, Ливан жағалауында іздеу-құтқару операциясы жалғасуда. Бұл шараға БҰҰ-ның Ливандағы Уақытша күштерінің тікұшақтары мен кемелері де атсалысуда.
Баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген ел Президенті Мишель Сулейман, "Боинг-737" бортында лаңкестіктің болу мүмкіндігі туралы долбарды теріске шығарды. «Бұл қайғылы оқиға және біз, ауа райының қолайсыздығына қарамастан, адамдарды іздестіруге бар күш-жігерімізді салып отырмыз», деді ол.
Елдің көлік министрі Ғази әл-Ариди, «Боинг» апатының себебі «қара жәшік» табылғаннан кейін анықталатынын» атап көрсетті. Дегенмен, алдын-ала мәліметтер бойынша, ұшақтың құлауына найзағайдың себеп болу ықтималдығы айтылуда.
Эфиопия елордасы - Аддис-Абебаға бара жатқан "Боинг" әуежайдан көтерілгеннен 5 минуттан кейін радардан жоғалып кеткен болатын.