Төтенше оқиға 23 наурызда таңертең Маңғыстау облысындағы Жетібай кен орнында болды.
«ZG-40 бұрғылау станогындағы алаңның қоршауын бұзу кезінде жоғары алаңнан ротор алаңшасына биік тұғырнамалы монтажшы, 1986 жылғы азамат құлап кетті», - делінген ақпаратта.
Түрлі дене жарақаттарын алған ол, ауруханаға жеткізілді.