НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Жетісай ауданында балаларын ұрып-соғып, зорлық-зомбылық көрсеткен өгей анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлеуметтік желі арқылы кеңінен таралып, Жетісай ауданындағы бір отбасында орын алған өгей анасының қатыгездікпен балаларын ұрып-соғып, дене жарақаттарын салу арқылы зорлық көрсету жайті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссия шешімімен балалар әжесіне тапсырылған. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бұл мәселені өз бақылауына алды», деп жазды ресми өкіл.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.