«Жетісу» ӘКК-ы бұрынғы кеңестік кеңістіктегі киіз үй жасайтын жалғыз фабрика жұмысын жаңғыртуды ниеттеніп отыр

ТАЛДЫҚОРҒАН. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - «Жетісу» ӘКК ҰК» АҚ мен «Үштөбе-Отау» ЖШС ынтымақтастық өзара қол ұшын беру туралы меморандумға қол қойды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жетісу» ӘКК басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Омаров хабарлағандай, жүнді алғашқы өңдеу жөніндегі «Үштөбе-Отау» ЖШС-нің жобасын «Жетісу» ӘКК-ның директорлар кеңесі қолдап отыр. Қазіргі күні бірлесе қызмет ету туралы келісімге қол қойылды, енді таяу уақытта ӘКК-нің осы жобаға қатысуы жөніндегі шешімі де белгілі болады.Сонымен қатар, «Үштөбе-Отау» ЖШС басшылары қытайлық өндірушілермен ПОШ ?LFB 006-100 жүйесін сатып алу және жеткізу жөнінде келісімшарт жасасты. Бұл қондырғы сағатына 450 килә жүнді тазалап жуа алады. Осы жүйені енгізу киіз үй фабрикасына қажетті киіздің өзіндік құнын төмендетеді.Үштөбе киіз үй фабрикасы өткен ғасырдың 60-шы жылдары құрылған болатын.1970 жылдардың басында өнеркәсіптік фанерлер өндіруге көшірілді. 1972 жылдары Үштөбе киіз үй жасау комбинаты жылына 1 300 ? 1 500 үй шығаратын. Киіз үй фабрикасын жаңғыртуды «Үштөбе-Отау» ЖШС 2003 жылдан бері жалғастырып келеді.