Жетісудың күлшелері Қытай мен Ресейде жоғары сұранысқа ие

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Айына 200 тоннаға дейін тәтті өнім шығаруға қауқарлы кәсіпорын Алматы облысының Қарасай ауданында орналасқан.

«Алматы тәттілері» деген атаумен шығатын өнімдер бүгінде Қазақстанның барлық аймақтарына жөнелтіледі. Зауыт директоры Дәуренбек Тұраровтың айтуынша, серіктестік өнімдері Ресей және Қытай еліне экспортталуда.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 47 миллион теңге несие алдық. 14 пайызбен берілген несиенің 10 пайызын мемлекет субсидиялауда. Ал 4 пайызын серіктестік төлеп жатыр. Кәсіпкерлер үшін аталған бағдарлама өте тиімді, дейді Дәуренбек Тұраров.

Жалпы Алматы облысында 2010 жылдан бері бір ғана «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 437 жоба субсидияланды. Жалпы құны 165 миллиард теңгені құрайды. Осы уақыт аралығында шағын және орта бизнестен түскен салық көлемі де арта түсті. Қазынаға түскен салық 38 миллиард теңгеден асады.

   

Соңғы жаңалықтар