Ел чемпионатының жеңімпазы және ел кубогының иегері ретінде жарысты бірден жартылай финалдан бастаған Талдықорғанның «Жетісуы» биыл да Қазақстан кубогын өзінде сақтап қалды. Олар бұл жолы алдымен алаң иелерін (21:25, 25:22, 25:21, 27:25), одан кейін алматылықтарды да дәл сондай 3:1 есебімен (25-19, 19:25, 29:27, 25:19) ұтты.
Ал жартылай финалда Павлодардың «Ертіс-Қазхромынан» 2:3 (25:20, 13:25, 25:19, 23:25, 10:15) басым түскен «Алматы» волейболшылары күміс жүлдегер атанды.
Жалпы Қазақстан кубогын бұған дейін 1999 жылы Астананың «Астана қанаты» иеленсе, 2000-2005, 2007 жылдары Алматының «Рахаты» 7 дүркін жеңіп алған болатын. Енді олардың рекордын Талдықорғанның «Жетісуы» қайталап отыр.
12:35, 29 Қазан 2013
Жетісулық волейболшылар Қазақстан кубогын 7-ші рет иеленді
АЛМАТЫ. 29 қазан. ҚазАқпарат - Қарағандыда 27-28 қазан күндері волейболдан әйелдер командалары арасында ХХІ Қазақстан кубогының жартылай және ақтық ойындары өтті.