Алғашқы 2 күннің қорытындысы бойынша Алматы облысының «Жетісуы» мен елорданың «Астана» командалары ғана жеңіліссіз келе жатыр. Бүгін «Астана» мен «Алматы», «Қарағанды» (Қарағанды облысы) мен «Металлург АМТ»(Теміртау), «Ертіс-Қазхром» (Павлодар облысы) мен «Жетісу» кездесуде.
Ертең командалар бір күн тынығып, арғы күні жарысты одан ары жалғастырады. Соңғы турдың ойындары 24 сәуірде аяқталады.