деп хабарлады «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС бас директоры Бахтияр Қырықпышев.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы желтоқсанның аяғында Үкімет аталған құжаттың өзекті екендігін ескере келе, қаржыландыру сомасы 351,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайтқан болатын.
«Кешенді жоспарды жүзеге асыру - жергілікті экономиканы әртараптандыруға, кей кәсіпорындарға тәуелділігін бәсеңдетіп, жаңа жобалар мен жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Б. Қырықпышев.
Оның сөзіне қарағанда, компания 30 мыңға жуық жұмыс орнын сақтап қалады.
Жоспарды қарау кезінде қосымша 50 іс-шара қосылды. Оның 8-і - минералды шикізат базасын кеңейтуге, 14 - индустриалдық-инновациялық дамуға, 28 - өңірдің коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
«Жезқазған кен орны аумағындағы геологиялық барлау жұмыстарына қосымша қаражат бөлінеді. Іздеу жұмыстары жаңа учаскелерде жүргізіледі. Кешенді жоспарда бұл үшін тұңғыш рет 25,1 млрд. теңге қарастырылған. Бұл - кен ошағынан өнім алуды тағы 40 жылға арттырады», - деп атап өтті «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС бас директоры.