Тамыз айының басында Жезқазған қалалық ішкі істер басқармасына ауылдың екі тұрғыны шағымданып, жайылымда жүрген жерінен біреуінің 43, ал екіншісінің 134 бас қойлары жоғалғандығы туралы арызданған.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен жәбірленушілердің 44 жастағы ауылдасы құрықталып, жайылымда жүрген қойларды ұрлағандығын мойындады, малдардың жартысы күдіктіден тәркіленіп алынды.
Ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.