«Жезқазған қалалық сотының 2015 жылғы 25 қыркүйектегі қаулысы бойынша қалалық әділет басқармасының басшысы М.Аққұловқа қатысты екі айға қамауға алу шешімі санкцияланды», - деді облыстық соттың баспасөз қызметінде.
Соттың ақпаратынша, шенеунік ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлімі «Пара алу», 361-баптың 2-бөлімінде «Міндетін асыра пайдалану» қарастырылған қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеді. «Аққұловтың қорғаушысы апелляциялық шағым түсірді», - деп қосты облыстық соттың баспасөз қызметінде.