Бұл жайлы Индонезия қарулы күштерінің бас қолбасшысы Хади Тчахджанто және ӘТК штабының басшысы Юдо Маргоно мәлімдеді.
Еске сала кетсек , бұдан бұрын индонезиялық құтқарушылардың жұма күні Бали теңізінде жоғалып кеткен «Нангала» сүңгуір қайығын іздеуді қайта бастағандығын жазған болатынбыз. Операция аумағына барлығы 21 кеме, соның ішінде тереңдікті барлайтын теңіз аппараттары бар океанографиялық кеме тартылды.