Жоғарғы сот кеңесінің жанындағы біліктілік комиссиясының жаңа құрамы бекітілді

None
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот кеңесінің бірінші отырысында Кеңес жанындағы біліктілік комиссиясының жаңа құрамы бекітілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кеңес мүшелерінің дауыс беруі бойынша сайланған біліктілік комиссиясының құрамына судьялар - Ештай Ақжан, Дәулен Нұралин, Тиышты Тоғымбаев және заңгер-ғалымдар ? Мұрат Бейімбетов, Төлеш Қаудыров, Жұмаш Қосанов, Аманжол Нұрмағамбетов және Қазбек Жиреншин енді. Комиссия төрағасы ? ҚР Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі, Жоғарғы сот кеңесінің хатшысы Алтай Омаров.