Жоғарғы сот өкілдері Қазақстандағы Алқабилер сотының құрылғанына 5 жыл толуына орай БАҚ өкілдерімен кездеседі

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - «15 ақпанда Жоғарғы сотта Қазақстандағы Алқабилер сотының құрылғанына 5 жыл толуына орай арнайы баспасөз мәслихаты өтеді», - деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Аталмыш шараға Жоғарғы соттың судьясы Әділ Күреңбаев, Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған арнайы ауданаралық сотының төрағасы Бұлтбай Мамытов, Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған арнайы ауданаралық сотының төрағасы Мейрам Жанғұттинов қатысады.

Спикерлер бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне еліміздің құқық қолдану тәжірибесі бойынша толғандырған сауалдарға жауап береді. Нақтырақ айтқанда, онда сот шешімдері мен алқабилер сотының қатысуымен өтетін істер, сот мәжілісін тағайындаудың ерекшеліктері, сот мәжілісіне қатысатын алқабилер сотының құрамына азаматарды таңдау сияқты сот қызметіне қатысты өзге де бірқатар маңызды мәселелер талқыланады деп күтілуде.