деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Күн тәртібі бойынша отырыста қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнамалардың акционерлік қоғамдарға қатысты қолданылу жайы мен азаматтардың бостандықтары мен олардың құқықтарына қол сұқпау, зорлық-зомбылық пен адамның ар-ұжданын аяққа таптайтын әрекеттерге қарсы тұру талаптарының орындалу мәселелері талқыланды.
Аталған заңнамалардың бірыңғай жүйеде қолданылуы үшін Жоғарғы сот тиісті нормативті қаулылар әзірледі. Сот өкілдеріне егер айыпталушы азамат сот отырысында өзінің мәліметтерін құқық қорғау органы қызметкерлері тарапынан көрсетілген қысымның арқасында бергендігін мәлімдесе, сондай-ақ айыпкер өзінің қорғаушысы болуы қажеттігі жөнінде білмейтін болса және оны тергеу шаралары айыпталушының қорғаушысынсыз жүргізілсе, ондай жағдайдағы мәліметтердің қабылданбайтындығы түсіндірілді. Отырысқа қатысушылардың айтуларынша, нормативті қаулыда барлық мемлекеттік орган өкілдеріне қылмыстық процестің алғашқы уақытындағы, яғни азаматтарға күдік келтіру мен оларды тергеу шараларына қатысты талаптардың барлығының орындалу қажеттігі айтылған. Мысалы, қылмыс жасады деген күдік келтіріліп отырған адам қолға түскеннен кейін 3 сағаттан соң тергеушіге жіберіліп, оның құқықтары күдіктіге толығымен түсіндірілуі керек.
Нормативті қаулыларда сонымен қатар прокурор мен сот өкілдерінің азаптауға қатысты істерді қараудың процессуалдық тетіктері көрсетілген. Ал Жоғарғы соттың акционерлік қоғамдардың дау-дамайларына қатысты нормативті қаулылар осы мәселелермен байланысты заңнамалардың қалай қолданылу қажеттігін көрсетеді.