Жоғары сыныптардың 1,5 мың оқушысы мектеп жандарынан ашылған еңбек жасақтарына қабылданды - Павлодар

ЛОДАР. 13 шілде. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда жоғары сыныптардың 1,5 мың оқушысы мектеп жандарынан ашылған жазғы еңбек жасақтарына қабылданды,

деп хабарлады білім бөлімінен. Бірінші кезекте, тәуекел тобындағы және тұрмысы төмен отбасылардың балалары қабылданып отыр.

Жасөспірімдер күніне 4 сағаттан жұмыс істейді, олар гүлзарларды отауға, саябақтарды абаттандыруға атсалысуда. Он бес жұмыс күні үшін балаларға 6,8 мың теңге жалақы төленеді. Барлығы төрт еңбек маусымы жоспарланып отыр.

Мектептердің еңбек жасақтарының барлық мүшелеріне жаз мезгілінде қоғамдық көліктерде жолақы үшін өтемақы қарастырылып отыр.