деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуі бойынша, осы уақыт аралығында 14 көшеде жөндеу жұмыстары шешімін тауып, жолдар ретке келтірілді. Осы мақсатқа 125 миллион теңге қарастырылған болатын. Бұл істе «Көкшетау жолдары», «Механизатор», «Дорстрой недро» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ұйымшылдық танытқан. Соған орай номері үшінші қазақ орта мектебінде, «Огонек», «Жұлдыз» мектеп жасына дейінгі мекемелерде жөндеу шаралары атқарылған. Ал Красный Яр ауылындағы мәдениет үйі шебер қолдан өткізілді. Мұнда тиісінше 151 миллион және 16 миллион теңге қаржы игерілді. Бағдарламаға сәйкес әлеуметтік жұмыс орындарын ашу ісіне үш миллион теңге, ал жастар тәжірибесіне 4 миллион теңге төңірегінде бағытталып отыр.