«Жол картасы» бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыру жайы қарастырылды

КӨКШЕТАУ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /ЖанмұратЖанайдаров/ - Ақмола облысы әкімдігіндегі кеңейтілген бас қосуда «Жол картасы» бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыру және оларды іске асыру жайы қарастырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Мұратбек Тақамбаевтың мәлімдеуінше, өңірге бөлінген қосымша қаржы мөлшері 4,5 миллиард теңгені құрап отырса, оның 2,6 миллиард теңгесі республикалық бюджеттің үлесіне тиесілі. Бұл қаржы әр аймақтың басым бағыттарын жүзеге асыруға және бірінші кезектегі міндеттерге жаратылатын болады. Осыған сәйкес аймақтарда мектеп, денсаулық саласы, сумен қамту, су және жылыту жүйелеріне жөндеу жүргізу, жергілікті маңыздағы жолдарды қалпына келтіруге бағытталмақ. Аймақтар өз кезегінде ішкі мүмкіндіктерін қарастыра келе өзіндік «Жол картасын» қаржыландыруды қарастыру қажеттігі атап көрсетілді. Осы бағдарламаға сәйкес жұмыссыздарды есепке алу, жаңа жұмыс орындарын ашу, кадрлар біліктілігін жетілдіру мен қайта даярлықтан өткізу жайы қарастырылды. Бас қосу барысында бірқатар кәсіпорындардың жартылай толық жұмыс күніне көшу, ішінара жалақы төлеу сынды іс-шараларды назарда ұстау қажеттігі ескертілді.