Оның айтуынша, қалада «Жол картасына» сәйкес 27 инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында жыл басынан бері 2971 жұмыс орны ашылып, 2162 адам еңбек орнын тапқан. Жұмыс сұрап келген 5014 адамның 2656-сы тұрақты және уақытша жұмыстарға орналасқан. Қазіргі таңда қалада 759 адам жұмыссыз ретінде тіркелген, бұл өткен жылғыдан едәуір аз. Бұған «Жастар тәжірибесі», бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі сынды шаралар игі әсерін тигізіп отыр. Мәселен, «Жол картасы» жобаларына халықты тарту мақсатында үш рет ұйымдастырылған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі нәтижесінде осыған қатысқан 2500 адамның 400-і жұмыс тапқан. Оның ішінде 200-ден астам жұмысшы «Жол картасы» бойынша жасалып жатқан жұмыстарға жіберілген. Сондай-ақ «Жастар тәжірибесіне» (бұл бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен 36 млн. теңге бөлінген болатын) сәйкес арнайы мамандығы бар 251 түлек қала мекемелерінде тәжірибе жинақтаса, соның 25-і өздеріне тұрақты жұмыс тапты. Қала бойынша жыл басынан бері 560 адам 22 мамандық бойынша қайта оқытылды.
13:07, 01 Қыркүйек 2010
«Жол картасы» Орал қаласында жұмыссыздықты азайтуға септігін тигізді
ОРАЛ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Жол картасы» Орал қаласында жұмыссыздықты азайтуға септігін тигізді. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Ерболат Әбілхатин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.