Жол-көлік оқиғасында жанып кеткен машинаның жүргізуші мен 4 жолаушысы мерт болды

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар облысында «Павлодар-Қызылорда» автожолының 48-шақырымында жексенбі күні кешке «Мерседес» жүк машинасы мен «Фольксваген» автомашинасы соқтығысып, соңғысы жанып кетті.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан «Фольксвагеннің» жүргізушісі және оның 4 жолаушысы (кім екені анықталған жоқ) оқиға орнында көз жұмды.