Айыпталушыларды көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін 10 тәулікке бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Соттың төрағасы Торғат Ибрашев хабарлағандай, рөлге мас болып отыру проблемасына қоғам өкілдерінің назарын аудару мақсатында және жазаның бұлтартпастығын тағы бір айғақтау мақсатында сот процесін ашық түрде өткізу туралы шешім қабылданды. Осы арқылы мас күйінде көлік басқарудың салдары қандай болатындығын халық түсінетін болады.