Ұзындығы 400 шақырым болатын маршрут республикалық маңызы бар Қызыл Жұлдыз - Құлан - Мерке - Қордай - Шу қаласы жолдарының бойымен жүріп өтті.
Жол полициясы қызметінің жақсартару бойынша қоғамдық пікір мониторингі жасалды, қозғалыс қатысушыларына жол жүру қауіпсіздігі туралы үгіт-насихат материалдары таратылды. Сонымен қатар, акцияны ұйымдастырушылар жұртшылықпен кездесті, сол кездесулер барысында құқық қорғау органдары, «Нұр Отан» ХДП Жамбыл облысы филиалы, қоғамды ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдардың басшылары азаматтарды қабылдады.
Жол полициясының ақпараты бойынша, іс-шараға барлығы мың жарымға тарта адам қатысқан.