Бұл туралы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Лауазымды тұлға бола тұра, өзінің қызметтік бабын пайдаланып, іс жүзінде оқымастан автомектепті аяқтағандығы туралы «куәлікті беру», сондай-ақ одан әрі жүргізуші куәлігін еш кедергісіз алып беру үшін азаматтан алдау жолымен 50 мың теңге алған. Бұл енді азаматтың қаражатын жымқыру ретінде қарастырылып отыр.
08:43, 15 Сәуір 2013
Жол полициясы инспекторы жүргізуші куәлігін 50 мың теңгеге жасап беруді уәде еткен
ПАВЛОДАР. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Павлодардың қаржы полицейлері алаяқтық фактісі бойынша ІІД жол полициясы инспекторының үстінен қылмыстық іс қозғады.