Жолаушылар такси жүргізушісінің маңдайына пышақ салып, оқиға орнынан іздерін суытты - Шымкент

ШЫМКЕНТ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Жолаушылар такси жүргізушісінің маңдайына пышақ салып, оқиға орнынан іздерін суытты, деп хабарлайды ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Полицейлердің ақпаратынша, екі жас жігіт такси тоқтатқан. Жолаушылар жүргізушіден қала шетінде орналасқан шағынауданға жеткізіп тастауды сұрады. Оған жеткен соң, жолаушылар таксистің әуелі қолына, содан кейін маңдайына пышақ салды. Жүргізушіні көлікте қалдырған қаскөйлер оқиға орнынан қашып кетті. Жарақаттанған ер адам жедел жәрдемді өзі шақыра алды.

Аталған фактімен «Адамның өміріне оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл іспен Шымкенттің Еңбекші полиция бөлімі айналысуда.