ЖПБ алдын алу бөлімінің бастығы Ерболат Сарқұловтың хабарлауынша, акция 21-23 қаңтар аралығында өтуде. Шараның мақсаты - жол қозғалысының барлық қатысушыларының жолдардағы қауіпсіздік және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттілігіне назарын аударту.
«Біз аталмыш акцияның пайдасын тигізіп, жол қозғалысының әрбір қатысушысы өзі үшін түйін жасайтынына үміттенеміз, өйткені әрбір жүргізуші - жолаушы әрі ата-ана, ал кәмелеттік жасқа жетпеген жаяу жүргіншілер - біреудің балалары, оларды үйлерінде аман-есен келеді деп күтіп отырады. Жолда бөтен балалар болмайды», - деп атап өтті Е.Сарқұлов.
Бұдан басқа, алдын алу мақсатында жол полициясының қызметкерлері еңбек ұжымдары мен оқу мекемелерінде кездесулер өткізіп, көшелерде жол қозғалысының қатысушыларына бүктемелер мен кітапшалар таратады.