«Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы қай кезде де елдің қоғамдық өміріндегі басты құжат болып саналады. Бүгінде Жолдау елордаға жақын орналасқан облысымыз атқаратын істерде мемлекетіміздің гүлдене түсуіне үдемелі қозғалыстың мультипликаторы болатындай одан әрі жасалатын қызметтеріміздің басты қағидатына айналуы тиіс», - деп атап өтті ақпараттық топ басшысы Н. Нұркенов.
Кездесу барысында өңір басшысының орынбасары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының келешегіне, мемлекеттік органдардың елдің басты құжатының негізгі басымдықтарын іске асыру бойынша қабылдаған шараларына тоқталды.
Бүгін Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша кездесулер Ақмола облысының барлық аудандарында өтті.