Мемлекет басшысының Жолдауына жасаған үнқатуында «БТА Банк» ЖАҚ (Минск) басқарма төрағасының орынбасары А.Титов осылай айтты, деп хабарлайды Қазақстанның Беларус еліндегі елшігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Президенті Жолдауында «Қазақстан-2030» Стратегиясы мен 2010 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың аралық қорытындысын шығарды, сондай-ақ мемлекеттік әрі қарай даму векторларын нақтылап берді, деп атап көрсетеді А.Титов өз сөзінде. Соңғы онжылдықтың жетістіктеріне баға берген Қазақстан Президенті, негізгі экономикалық көрсеткіштердің мерзімінен бұрын орындалғанына және елдің әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі жобаларының тиімді жүзеге асырылғанына тоқталып өтті.
«Менің ойымша, Жолдаудағы ең маңызды мәселе - басымдықты міндеттерді табысты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұзақмерзімдік жоспарлар болып табылады», дейді «БТА Банк» ЖАҚ (Минск) басқарма төрағасының орынбасары А.Титов.