Аталған сыйлық туған өлкенің дамуына елеулі үлес қосқан меценаттарға, белсенді тұлғаларға, бизнес-құрылым өкілдеріне, еріктілер мен түрлі ұйымдарға табысталады.
Жеңімпаздар «Жыл меценаты», «Жылдың үздік ұйымы», «Жыл тұлғасы», «Туған өлке», «Ерен еріктілік» аталымдары бойынша марапатталады.
Қатысушыға jomartjurek.kz сайтында дауыс беруге болады. Дауыс беру мерзімі - қараша айының 12 -25 аралығы. Марапаттау рәсімі 6 желтоқсанда Астана қаласында өтеді.