ОРАЛ. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Ақжайық ауданы Құрайлысай ауылында мәдениет үйі күрделі жөндеуден кейін қайта пайдалануға берілді.
Сондай-ақ ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтің ескерткіші халықтың өтінішімен бұрынғы орнынан мәдениет үйінің алдына көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан әкімі Абай Иманғалиевтің айтуынша, алдағы жылы Ж.Молдағалиевтің 90 жылдығы кең көлемде аталып өтілмек. Осыған орай оның туған жерінде дайындық жұмыстары жүргізілуде. Биыл Талап орта мектебіне де күрделі жөндеу жүргізілді. Мектепке, жергілікті ауруханаға су кіргізілді. Осының бәріне 124,9 млн. теңге жұмсалды. Ақын тойы қарсаңында Сайқұдық ауылындағы клуб пен кітапхана да жаңартылмақ.
Қайтадан ашылған мәдениет үйінде жергілікті сазгер Жасталап Қуанғалиевтің шығармашылық кеші болды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).