Париж-2024: Әбиба үшінші айналымда қарсыласына жол берді
ПАРИЖ. KAZINFORM – Дзюдодан әйелдер арасында Әбиба Әбужақынова Олимпиада ойындарының үшінші айналымында қарсыласына жол берді. Осылайша ол жартылай финалға өте алмады.
Фото: Сали Сабиров
Нақтырақ айтар болсақ, 48 келі салмақта сынға түскен отандасымыз испаниялық дзюдошы Лаура Мартинес Абеландадан жеңіліп қалды.
Енді Әбиба жұбаныш белдесуінде күресуі мүмкін.
Фото: Тұрар Қазанғапов
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова бірінші белдесуінде Израиль балуаны Сара Ришониді Waza-Ari ұпайымен жеңсе, екінші кезеңде Тайпей спортшысы Чен-Хао Линнің жауырынын 17 секундта жер иіскетті.
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.