«Қырғыз тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланды. Шекаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына, оның ішінде екі елдің мемлекеттік шекарасы арқылы жүк автокөліктерінің өту мәселелеріне ерекше назар аударылды», - деді Қазақстанның сыртқысаяси ведомствосынан.
Мәлім етілгендей, екі елдің СІМ басшылары өзара құрмет, достық және тату көршілік рухында көпжоспарлы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға Нұр-Сұлтан мен Бішкектің екіжақты ұмтылысын қуаттады.