Пренаталдық скрининг болашақ ананың денсаулық жағдайын және ұрықтың дамуын уақтылы бағалауға мүмкіндік береді.
Жүктілік кезеңінде әйел бірнеше медициналық бақылау кезеңінен өтеді. Солардың бірі — пренаталдық скрининг. Бұл ультрадыбыстық зерттеуді (УДЗ), қан талдауларын және бейінді мамандардың консультацияларын қамтитын кешенді тексеру.
Зерттеулер жүктіліктің белгілі бір мерзімдерінде жүргізіледі. Олардың мақсаты — әйелдің денсаулық жағдайын және ұрықтың дамуын бағалау, ықтимал қауіп факторларын анықтау және қажет болған жағдайда қосымша диагностиканың қажеттілігін айқындау.
— Скринингтің әрбір кезеңі белгілі бір мерзімде жүргізіледі және өзіндік маңызы бар. Сондықтан тағайындалған тексерулерден қалмай, дәрігердің ұсынымдарын сақтау маңызды. Егер скрининг нәтижелері бойынша қандай да бір сұрақтар туындаса, әйелге қосымша тексеру тағайындалуы мүмкін. Қосымша тексеруге жолдама беру баладан қандай да бір ауру анықталды дегенді білдірмейді, — дейді Алматы қаласындағы № 36 қалалық емхананың дәрігері Әбубәкір Ақбота Өмірбекқызы.
Мамандар болашақ аналарға жүктілік бойынша уақтылы есепке тұруды, медициналық бақылау кестесін сақтауды және тағайындалған зерттеулерден белгіленген мерзімде өтуді ұсынады.
Айта кетейік, пренаталдық скрининг МӘМС шеңберінде тегін жүргізіледі. Жүктілік кезінде тұрақты медициналық бақылаудан өту қажетті медициналық көмекті уақтылы алуға және болашақ анаға жүктіліктің барлық кезеңінде кешенді медициналық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін жүктілікке байланысты әлеуметтік төлемді рәсімдеуде қандай қателіктер жиі кездесетенін жазғанбыз.