Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауып, дауыл тұрады, 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде желдің екпіні 23-28 м/с артады, тұман болады.
Қостанай, күндіз Ақтөбе облыстарының жекелеген аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.
Ақмола, Қарағанды, Алматы, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін артады, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда, Маңғыстау, түнде Атырау облыстарының кей аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауылмен болады.
Сондай-ақ Алматы облысы, Қызылорда, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.