Әлия Көшемісова 1997 жылы фармацевт дипломын алғанымен, мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмады.
2011 жылдың маусым айында Ә. Көшемісова Ескелді ауданының жұмыспен қамту орталығына өтініш жазған болатын. Көп ұзамай орталық жұмыспен қамту бағдарламасы аясында «Ибрагимова» ЖК-тің әлеуметтік жұмыс орнына 46 мың теңге жалақысымен фармацевтің қызметі ұсынылды. Қазір Әлия өз мамандығы бойынша жұмыс істеуде.