Жүрек жеткіліксіздігі бар екі пациентке үш камералы кардиостимулятор орнатылды

Фото: ДСМ

АСТАНА. KAZINFORM – Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да CRT-P Amvia Sky қондырғысымен жүректі физиологиялық ынталандыру бойынша шеберлік сағаты өтті. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Бұл стандартты кардиостимуляторлардан, ең алдымен, жүрек ырғағының өзгергіштігі физиологиялыққа жақын болуымен ерекшеленеді.

Сондай-ақ, ынталандыру алгоритмі физикалық және психоэмоционалды жүктемелерге жауап береді, бұл өмір сапасын жақсартуға және ыңғайсыздықтың болмауына ықпал етеді. Араласу кезінде жергілікті анестезия қолданылады.

Екі пациентке операцияны аритмологиялық қызметтің ординаторы Асылхан Парымбеков профессор Krzysztof Вoczar, MD, PhD (Краков, Польша) қатысуымен жүргізді.

Бұл қарыншалық жиырылу синхрондылығы бұзылған, жүрек жеткіліксіздігі, сол жақ қарыншаның лықсыту фракциясы төмендеген, AV блокадасынан, көкірекортасы абляциясынан және кардиохирургиядан кейінгі пациенттер. Оларға арнайы үш камералы кардиостимуляторлар (CRT-P) қажет.

Шеберлік сағатына қатысушылар кардиоресинхронды терапия қағидаттарымен танысты. Оның клиникалық практикада қолданылуы, соның ішінде жүректің өткізгіш жүйесі аймағына имплантаттау көрсетілді.

— Жүректің өткізгіштік жүйесіне бағытталған CRT-Р имплантаттауы жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде жекелендірілген терапия мен ұзақ мерзімді нәтижелерді жақсартудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, — деп атап өтті жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшесінің меңгерушісі Бағдат Ахыт.

Операциялар сәтті өтті. Кардиостимуляторлармен пациенттер қандай да бір шектеусіз өмір сүре алады. Пациенттер жұмыс істеп, белсенді өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылданып, саяхаттап, ұшақпен де ұша алатын болды. 

Айта кетелік ауылдағы дәрігерлерге 8,5 млн теңгеге дейін төлем ұсынған ТОП–5 өңір белгілі болған еді