Іс материалдарында атап көрсетілгендей, Б.Ахыниязов 2015 жылғы 31 мамырда көлік құралын масаң күйінде басқару салдарынан, өзімен бір бағытта велосипедпен келе жатқан, 2002 жылы туылған, кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Соққыдан кейін көлік жүргізушісі балаға жәрдем көрсетудің орнына, жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалған. Бала алған дене жарақаттарының салдарынан ауруханада көз жұмды.
Сот үкімімен Б.Ахыниязов ҚР ҚК-нің 346-бабының 4 бөлігінде, (масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған іс-әрекеттер), 347-бабында (жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 6 жыл бас бостандығынан айыру, жазаны қоныс-колониясында өтеу белгіленіп, адам тасымалдау қызметімен айналысу құқығынан 5 жыл мерзiмге айырылды.
Б.Ахыниязовтан жәбірленуші өкілінің пайдасына материалдық шығын мен моральдық зиян өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.