Қордай ауданындағы дүнген диаспорасы тығыз орналасқан кейуананың туған ауылына оның мерейтойын атап өтуге көп халық жиналды, олардың арасында көп жасаған Фаме Фу Линнің ұрпақтары да бар.
«Мен 1913 жылы тудым, 18 жасымда тұрмысқа шықтым, жолдасым 70 жасында дүние салды, - деп әңгімелейді Фаме Фу Лин. - Барлық немерелерімнің бет-жүзін танимын, ал шөберелерім мен шөпшектерімді шатастырамын, мүмкін, жасымның ұлғайғаны сыр берген шығар».
Көп жасаған жамбылдық әжейдің 12 баласы, 79 немересі, 339 шөбересі, 69 шөпшегі және бір неменесі бар. Немерелерінің ең үлкені 63 жасқа толды.
Көп балалы Фу Лин отбасы Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін. Әдеттегі түскі асқа дастарханға бұл отбасында асүйдің бір қабырғасынан екінші қабырғасына дейін сығылысқан бес жүз адам жиналады.
Фаме Фу Линнің сөзіне қарағанда, адамның ұзақ өмір сүруі және денсаулығының мықты болуының, отбасында тату және тыныштықта өмір сүруінің құпиясы - үздіксіз еңбек етуінде. Ол өмір бойы егін шаруашылығымен айналысқан, өзінің бала-шағасына да осы еңбекті үйреткен.