Бүгінгі таңда 15 мың шамасында әкімшілік заңбұзушылықтар тіркелген. Жолға қоқыс тастаған жүргізушілердің 7 мыңнан астамы жазаға тартылды. Заңның ала жібін аттағандарға 68 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қаланы абаттандыратын ұйымдар да «ерекшеленіп», ережелерді сақтамай отыр. ПИК-тің 30-дан астам басшысы және 20 мердігерлік ұйым әкімшілік жауапкершілікке тартылған.