Сонымен қатар, қаңтар-қыркүйек айларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнім көлемі артқан. Ведомствоның хабарлауынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,3% көбейді.
Айта кетейік, 2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша нарықта белсенді қызмет атқаратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,6% азайып, 47263 құрады, соның ішінде 6719 заңды тұлға, 40539 жеке кәсіпкер және 5 шаруа қожалығы.