«Мұндай қоңыраулар жыл басынан бері 42 мыңнан асып түсті».
Республика бойынша Жамбыл облыстық ІІД ауыр қылмыстарды ашу жөнінен алтыншы орында, ал аса ауыр қылмыстарды ашу бойынша бірінші орында келе жатыр, деп атап өтті Б. Аймағамбетов.
Жеделдікті қамтамасыз ету мақсатында Тараз қаласы 18 патрульдік учаскеге бөлінген. Оларда күні-түні екі кезекпен жұмыс жүргізіледі. Күн сайын тұрғындардың тыныштығын күзету үшін «Қалқан» жедел әрекет ету автопатрульдері, «Боран» және «Бүркіт» жедел іздестіру топтарының экипаждары қала көшелерін кезіп жүреді. Олар оқиға орнына санаулы минуттарда-ақ жетіп келеді.
«Мұның барлығы ІІД жеке құрамы жұмысының нәтижесі. Жоғарыда аталған барлық құрғақ сандардың артында иықтарына погон таққан жандар тұр. Олар өздерінің кәсіби парыздарын адалдықпен атқаруда», - дейді Б. Аймағамбетов.