Жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күніне байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осындай статистика келтіріп отыр. Жол-көлік оқиғалары 10 мен 24 жастың аралығындағы жастардың арасындағы өлім-жітімнің басты себептерінің бірі болып табылады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ аясындағы Жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық ұйымы әлем елдерінің үкіметтері мен үкіметтік емес ұйымдарды жұртшылықтың назарын жол-көлік оқиғалары мен олардың салдарына, сондай-ақ олардың алдын алу үшін қабылданатын шараларға аударуға үндеп отыр.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 2005 жылдың қазан айында белгілеген Жол-көлік оқиғаларының құрбандарын еске алудың Дүниежүзілік күні Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша Бірінші дүниежүзілік министрлер конференциясының қарсаңында атап өтіледі. Халықаралық конференция әлемнің 110 елінің делегаттарының қатысуымен қарашаның 19-20-сы күндері Мәскеуде өтеді.