«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы QazVac вакцинасын тіркеуі үшін Қазақстан ұлттық реттеушіні үшінші деңгейге дейін жеткізуі қажет. Басқаша айтқанда, республиканың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің материалдық-техникалық базасы халықаралық стандарттарға сәйкес болуы тиіс. Осының барлығын ретке келтіру үшін 3 жылдан 5 жылға дейін уақыт кетеді деген сарапшылар пікіріне қарамастан, біз былтыр іс жүзінде 7 айдың ішінде Қазақстанды ұлттық реттеушінің екінші деңгейіне шығардық. Бұл фактіні біздің еліміздің халықаралық талаптарға сәйкестігін тексерген ДДҰ арнайы комиссиясы растады. Биыл жыл соңына қарай үшінші деңгейге шыға аламыз деп ойлаймын», - деді Ералы Тоғжанов.
10:04, 18 Сәуір 2022
Жыл соңына қарай QazVac вакцинасын ДДҰ-да тіркеудің үшінші деңгейі жүзеге асады - Тоғжанов
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы неліктен QazVac-ты әлі тіркемей отырғаны туралы Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.