Қазылар алқасының құрамында колледждердің психологтары, Инновациялық Еуразия университеті мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары болды.
Конкурс қатысушылары авторлық бағдарламаларын таныстырып, «Менің кәсіби шығармашылығым» атты тақырыпта эссе ұсынды.
Облыстық конкурстың жеңімпаздары атанған бес психолог қараша айында Алматы қаласында өтетін республикалық «Жылдың үздік психологы» конкурсында Павлодар облысының намысын қорғайтын болады.